Автор поста
Badge blog-user
Блог
Blog author
азимбай гали

Әзімбай Ғали Путин: бір тарихи персонаждың ішкі және сыртқы саясатына шолу

7 January 2016, 07:36

Әзімбай Ғали Путин: бір тарихи персонаждың ішкі және сыртқы саясатына шолу

Статистика Постов 109
Перейти в профиль
Әзімбай Ғали Путин: бір тарихи персонаждың ішкі және сыртқы саясатына шолу

Путиннің Батыс альянсына қарсы қырғи қабақ соғыс жәриялаған еді.Ол соғыс тарихта Екінші Дүние жүзілік Қырғи қабақ соғысы деген атаумен кірген болатын. Ол туралы біз жазғанбыз.[1]Путин өзін әлем тарихында Черчиль мен Рузвельт пен қатар қойғанды жөн көреді. Батыс елдер баспасөзі жылма жыл оны батыс елдер журналдарының ең беделді саясаткері ретінде бағалағанын аса рахаттана оқиды. Путиннің 2007 жылғы Германияның Мюнхен қаласындағы сөзінде әлемді бір шошытты. Иә ,Путиннің сол сөзін тек Уинстон Черчиль 1946 Фултондағы (АҚШтың шағын қаласы) айтқан сөзі алғашқы қырғи —қабақ соғыстың жәриялауымен тең еді. Батыс елдердің баспасөзіне және Ресей теледидарына арнап сол ойларды кейінірек тәптіштеп бірнеше рет айтып берді. Мәселенки , Ресей Президенті Владимир Путин Валдай форумындағы сөзінде АҚШ-ты және оның геосаясатын аяусыз сынап, осыдан былай ешбір маңызды саяси әрекет Ресейсіз шешілмеу керек және шешілмейді деді . Батыс елдері Ресей алдында кінәлі, Ресейдің геосаяси мүдделерімен санаспауға жол берілмейді. Путиннің ашынып сөйлеу себебі Батыс елдер альянсы Ресейге (Ресей Украинаның Қырым жартыаралын басып алып, сол мемлекеттің шығыс өлкелерінде гибридтік, әскери операцияларын бастаған болатын) экономикалық санкциялар салған еді. [2]

Путиннің сол сөзі мен саясаты Ресейдің әр орысының жүрегіне жол тапты. Қарапайым орыстың рухын көтерді. Қашаңғы біз орыс Батыс елдірінінің айтқанын істеп, олардың алдында тізерлеп тұруымыз керек. Жетеді, осыдан былай өз мүдделерімізді батыл қорғайтын боламыз деген уәждер айтылды. Путиннің Батысқа қарсы асқақ сөйлеуінің бірнеше қисыны бар еді. Батыс дәрменсіз.Батыс тым бейбітшіл және ымырашыл, Ресей сияқты қуатты әскери ядролық қаруы бар мемлекетке қарсы шараларға бара алмайды. Оның алдында Ресей Приднестровьені Молдавиядан бөліп алған, Қарабахты Әзірбайжаннан тартып алып Арменияға бергенде, Батыс альянсы салқын қандық байқатып Ресейді тек ескертіп қана қойған. 2008 жылы Ресей Грузияға шабуыл жасады. Батыс альянсы тағы да бұл шағын мемлекетке айтарлықтай араша бола алмады.[3]Батыс елдер альянсы Ресейдің газы мен мұнайына тәуелді еді, Батыс державалар бірлестігі Ресейдің де мүдделерімен есептескен жөн болар деп Молдавия, Әзірбайжан, Грузия территориялық тұтастығы үшін конфронтациядан тартынған еді.Бірақ Ресейдің ұлыдержавалық санасы қоза берді. Орыс халқы Путин экспансиянизмін бірауыздан қолдады. Ендігі күнкезек Украинаға төнді.

Ресей милитаризмі Украинаға ауыз салды. Бірақ Украинаның жөні бөлек еді. Батыс елдері Украинаға экономикалық және дипломатиялық қолдау жасады. Солай Украина Қырым мен Донецк пен Луганскідан айырылса да агрессорға қарсы тұра алды. Ресей империяшылдары айтқандай «Новороссия жоспары және Орыс әлемі» жүзеге аспай, қаңтарылып қалды. Украинадағы «гибридтік соғыс» пәлендей сәтті болмай тұр, Батыс елдер санкциялары Ресейді қысып барады.

Қош.Путин өзін дарынды тактик, бірақ нашар стратег ретінде көрсетті. Қазақ дипломатиясы шебер қырынан көрініп біз аман қалдық.

Бара келе Ресейдің ішкі жағдайы нашарлап келеді. Ең алдымен Ресей Евразиялық экономикалық одақтастарына валюта және тауар экспансиясын жасамақ болды.Ресей рублінің құлдырауы Ресей тауарларының Қазақстан мен Белоруссия нарықтарында қамтамасыз етпек еді. Бұл саясат Қазақстанға Ресей тауар экспансиясын 1998 және 2009 жылдары жасаған болатын, солай біз өз тауар өндірушілерімізді бәсеңдеткен едік. Өткен жылы төл валютамыздың бағамын мөлшері 85% төмендетуге мәжбүр болдық. Бұл жағдай қолайсыз болсада өз тауар өндірушілеріміздің мүддесінен шықты. Сол сияқты теңгенін бағамын қисынсыз ұстап тұру барлық ұлттық қордағы қаржының таусылуына әкелмек еді. Қазақстанның өткен жылдардағы сыртқы және ішкі саясаты негізіен дұрыс болғанға ұқсайды. Кемшін тұсы-ДСҰ-на тым жәй кіру, экономикалық реформаларды кешеуілдету(құрылымдық реформаларыды меңзейміз), сот реформасы, жергілікті жерді басқару жүйесін оңтайландыру сияқты. Жүзеге асқан асқан ҚР Азаматтық кодексі, мемлекеттік секторды қысқартуды керектігін елбасының өзі талай рет айтты (мүмкүн 20% дейін). Қазақстанның саясатының басты мақсаты — еліміздің егемендігін сақтап қалу, тұрмыс деңгеін экономикалық дағдарыс кезінде мейілінше төмендетпеу. Ресеймен конфронтацияға түспеу.

Ал Ресейге келсек олардың реформа жасайтын түрі жоқ. Ресей барлық көршілірімен араз, бірақ орыстың 95% (егерде социологиялық зерттеулердің айтқаны рас болса) оны қолдайтын көрінеді.Солай десек те оларда да 2015 жылы бірқатар әлеуметтік және экономикалық наразылықтар байқалды. Инфляция мен рубльдің құлауы қарапайым орыстың қаржысын орталандырды. Енді шет елдік тауарларды алу көп қымбат түседі. Кедейлер мен кембағал жандар саны көбейді. Олар тиісті айлығын ала алмай жүрген мұғалімдер мен дәрігерлер (жергілікті бюджеттер бірқатар өлкелерде ауыр жағадайда). Орталық бюджет өздерінің шығындарын ұлттық қордан алып отыр, бірақ резервтік және ұлттық қор да орталынып келеді. 2017 жылы ол қорлар таусылуы ықтимал. Сол сияқты дальнебойщиктер (ауыржүкті автомобильдерге қосымша жол салығы салынған болатын )наразылығы. Олардың бейбіт наразылығы негізінен жеңіспен аяталып келеді.

Ресейдің бірқатар ұлттық республикаларында наразылық байқалады. Ашық наразылық білдіріп отырған Татарстан мен Шешенстан. Олар өз өлкелік экономикалық егемендігін республикалық саяси- мәдени егемендікке айналдырып келеді. Басқа этностар біз ұлтпыз деп орысты демографиялық жолмен тықсырып келеді. Мәселеңки, Тувада орыс қалмайтын сияқты, Якутияда орыс үлесі құлдырап барады. Жастар арасында ұлтаралық төбелесуді көріністері видио интернет арқылы тарататын көрінеді, ал оларға жазылған комментерийлерден адам шошиды. Жергілікті татар ұлтшылдарының талабы: ана тілін қорғау әрекеттері, республикалық Президент статус атауын сақтап қалу қозғалысы бар, Түркиямен мәдени және бизнестік байланыстарға шек қоймау талабы актуалды. Якутияда ұлтшылдық бағыттағы экологиялық қозғалыс күшейіп келеді, якуттердің үлесін басшылар корпусы арасында көтеру идеясы көп көтеріледі; Бурятияда орыстарды көшіріп әкелу саясатына наразылық бар. Мәскеу бұрын бас қатырмай , жергілікті халықпен санаспай, әкімшілік жолмен барлық мәселерді оңай шешетін , қазір олай істеу қиындап барады, аз ұлттар көшеге шығып наразылық білдіруі ықтимал. Бейбіт түрінде дамитын ұлт-азаттық қозғалысы пайда болуда. Бұрын аз ұлттар элитасы ұлттық талаптардан аулақ жүретін, енді ұлттық элита ұлттық талаптарды ерттеп мінген сияқты.

Ресей саяси элитасының бір тобы оларға салынған шетелдерге шықпау шектеулерге наразы. Олар әзірше билікке батыл талап қойған жоқ.

Рекреациялық наразылық. Бүгінгі таңда орыстар Египетке(Мысыр елі), Түркияға бара алмайтын болды.2000-шы жылдары Ресей турфирмалары жер шарында апармайтын жері, орыстың демалып, сайрандамаған жері жоқ сияқты еді. Бәрінен де орыс көп шарлайтын мемлекеттер Туркия мен Египет еді. Енді ол маршруттар орыс үшін жабылды. Турфирмалар шығынға ұшырап , орыс ренжулі.

Тұтынушылық нарзылық. Соңғы жылдары орыс жемеген тағам қалмаған сияқты. Енді Батыс елдерде өндірілетін сырлар , атлантикалық селдь, тағы да басқа тауарлар ғайып болды.Бұл да болса ортаң қол орыстың Путин саясатынан көңілін қалдырады.

Ресей баспасөзі «Перестройкаға», яғни «Қайта құру» мен «Жәриялылыққа» бет алды.КСРО дағы «Перестройка» мен «Жәриялылық» негізінен екі ақ баспасөзден басталды-ол «Огонек» журналы мен «Московские новости» газеті. Бүгінгі таңда — радио «Эхо Москвы», телеканал «Дождь», «Собеседник», «Сноб.ру», «Слон.ру» т.б.с.с. сыни көзқарастағы басылымдар көп.Олар Ресейдегі жағдайды объективті және сыни сипаттайды.Билік оларды қадағалай алмай келеді.Сонымен Путин Горбачевтің басқа бір түрі. Путин бугінгі күннің Сталині емес. Горбачев байқұс өзі демократ ,өзі имперщик еді, Путин де сол күйге түсіп келеді, ақпараттық қоғамда ақпаратты тию мүмкін болмай тұр.

Ресейдегі баспасөз тарауына сараласақ «Перестройка», яғни «Қайта құру» мен «Жәриялылық» басталды демекпіз. Біздің пайымдауымызша бұл үрдіс 10-17 айда шыңына жетеді. Ресейде бұл бағыт саяси дағдарыс пен Ресейдің келесі ыдырауымен аяқталады. Қазақстан тағы да тыныс алып демократиялық зайырлы мемлекет құруға тағы бір шанс алады.

..............................................................

1.Азимбай Гали Новая мировая «холодная война». altyn-orda.kz 13 октября 2013; openrussia.org 18.12.2015; Азимбай Гали Итоги Первой мировой «Холодной войны». Начало Второй мировой «Холодной войны»: битва за Украину.08.02.2014 centrasia.ru

2.Валдайская речь Путина. Основные тезисы http://www.vesti.ru/doc.html?id=2071341

3.Әзімбай Ғали Орыстың бас ауруы қазаққа жұқпай ма? Осы тұста ұлт пен элита бірлігі керек 05.01.2016 qamshy.kz; ult.kz ; openrussia.org;

util