Автор поста
Badge blog-user
Блог
Blog author
азимбай гали

Әзімбай Ғали Экономикалық даму және ұлттық болашақ: Н.Назарбаевтың Ұлт жоспары

10 January 2016, 11:17

Әзімбай Ғали Экономикалық даму және ұлттық болашақ: Н.Назарбаевтың Ұлт жоспары

Статистика Постов 109
Перейти в профиль
Әзімбай Ғали Экономикалық даму және ұлттық болашақ: Н.Назарбаевтың Ұлт жоспары

Экономикасы кенжелеген ел ілгерілеп дамымайды. Экономикалық өсім әлеуметтік ахуалға негіз салады. Экономикалық дамудың кепілдігі, экономикалық дамудың мотивациясын қалыптастыру.Бұл жағдайды қамтамасыз ету үшін тиісті экономикалық модельді таңдау жауапты іс.Адамзат тарихында бірнеше даму альтернативалық жол белгілі.Ол классикалық нарық моделі, жартылай(паллиативтік) нарықтық қалып және нарықты бөтенсітетін- нарықсыз модель. Аталаған жағдайларға мысал келтірейік. Алғашқы модель Спарта мемлектінің моделі- бұл әскери әкімшілік модель.Спарта мемлекеті нарықтық принциптерден бас тартқан.Нарықтық принциптердің орнына бұл мемлекетте идеологиялық және әскери —милитаристік жол болды.Спартамен мен Афинаның бәсекесі нарықты және нарықсыз мемлекеттердің бәсекесі болды: біреуі біздің дәуірімізден бұрын 5 ғасырдағы плюралистік демократияның сол заманадағы үлгісі болса, екіншісі-авторитарлық құл иеленушілік әскери демократия.Кейіннен үшінші модель сол тарихи бәсекеге кірісті-ол азиаттық өндіріс жолы. Азиаттық өндіріс амалы аталған екі модельге антипод еді. Абсолюттік милитаристік монархия қарсы тұрған мемлекеттік. Геродот Афина мен Спартаның моделін сипаттаумен қатар олардың шығыс деспотиямен қақтығысын көрсетті.Әлем тарихына енген Грек- Парсы соғысында гректердің басы бұрын бірікпеген полис — мемлекеттері сол тұста өз егемендігін сақтап қалды.Себебі олар Персиямен салыстырғанда саяси еркіндеу болды. Екіншіден, гректер өз егемендін, елдігін қорғады. Гректерде заманына сай түрлі географиялық, технологиялық ерекшеліктер мен артықшылықтар болды. Саяси және экономикалық еркіндік технологиялық артықшылыққа конвертацияланды. Азияда жеңімпаз болған Дарийдің әскері жорығы сәтсіздікке ұшырады. [1]

КСРО іс жүзінде коммунистік режим болды.1917-1920жылдары Ленин және оның үзенгілестері нарықсыз, ақшасыз, ешбір еңбекақысыз қоғам орнатпақ еді.Бірақ бұл эксперимент азамат соғысына ұласты.Жаңа экономикалық саясат (1921-1930жж.) шала нарытық экономикалық механизм қалыптастырды. Олар сол шаруашылық механизмді социализм деп атады.

Бұл экономикалық модель факторын төмендегі мысалмен таныстыруға болады.КСРО-ның индустриаландыру нәтижесі өте қаркынды еді. КСРО-ны индустриаландыруды, шикізат өндіру және машина жасаумен айналысуы әкімшілік бағыттағы милитаризмді үдетті. Директівті- жоспарлы экономика кеңес үкіметінің саясаты нәтижесінде халық тұтынатын тауарларға ұдайы жарымаған еді. Халықтың тұрмысы нашар, күнделікті тұтынатын тауарлар қат(дефицит) болды.Аса көп ұзамай нарықтың шала түрі толық пәрменсіздігін көрсетті. Экономикалық қарқын бәсеңдеп тоқырауға әкелді.Тоқырау экономикалық коллапсқа тіреді. Мұнай бағасының қүлдырауы сол экономикалық дағдарыстың алдымен әлеуметтік дағдарысқа, кейін саяси дағдарысқа әкелгені белгілі.Сонымен КСРО құлады.

1991 жылы посткеңестік мемлекеттер пайда болды. Прибалтика елдері бірден саяси және экономикалық реформаларды жасап классикалық нарыққа кірді. Сонымен қатар олар NATO мен Евро Одақ бірлестігіне кірді. Басқа мемлекттер арасында сәтті экономикалық реформа жасаған Ресей мен Қазақстан еді.Қазақстанның реформалары Ресейден озығырақ еді.Айталық, пенсиялық жинақ қорлары жүйесі.Бірақ аталған екі мемлекет бірте —бірте нарықтық принциптерден тая бастады.Әсіресе бұл үрдіс 2007 жылдан айқын байқалды. Нарықтың сара жолынан таюна мұнай факторы қатты әсер етті.Мұнайдан түскен қаржылар халықтың тұрмысын еселеп жақсартты .

Мемлекеттік, ұлттық, тілдік, халықтық өзінділігін сақтайтын этностар және сол сипаттардан айырылатындар.Европа мен азия мемлекеттері үшін аталған сипаттардвн айырылу сандық критермйлері әртүрлі.Бүгүнгі күнде әлемде 180-нен астам мемлекеттер бар. Европада Эстонияда 1 миллионға жетпейтін төл халқы бар, олардың өзі азайып келеді.Себебі жас эстондықтар Европалық Одақтан оқу, жұмыс тауып сонда сіңіп жатыр. 2 млн. Латвия халқының 62% латыштар, бірақ олардың саны азйып келеді, оларда Европада жүр. Армения халқының 98% армяндар, бірақ армяндардың абсолюттык саны азайып келеді.1988 жылы Армения Әзірбайжанның Карабах өлкесін тартып алды. Бұл жағдай ресми түрде мойындалды[2].Бүгінгі таңда Әзірбайжанның (ВВП ППС- Ішкі жиынтық өнімі және Сатып алу паритеті 98,776 млрд. долл. (70 — ші орында) Армения Ішкі жиынтық өнімі және Сатып алу паритеті 24,28 млрд. долл. (122- ші орында). Әзірбайжанның экономикалық қуаты Армениядан төрт есе артық, ал халқы үш есе артық. Олай болса бұл жағадайда әзірбайжандар армяндарды соғыспай экономикалық бәсекеде жеңеді , ал армяндар бұл жағдайда өз жеріне ие бола алмайтын сияқты. Өз елінен эмиграцияға жаппай бас ұру жақсылыққа апармайды. Көне Армения үш теңіз- Жерорта,Каспий, Қара теңізінің арасында 600 жылдай Ұлы держава статусын сақтаған (біздің дәуірімізге дейін 190 жыл — біздің дәуіріміздің 428 жыл). Кезінде Үш теңіз арасындағы Ұлы Армениядан бар болған тақыр таулы тастағы қазіргі Армения соның бір пұшпағы ғана. Ұлы державашылдық көп армяндардың көксеуі, олардың көкірегіндегі құрт ауруы. Бұл ауру орыс ағайында да бар-«Орыс әлемі», КСРО-ны қайта қалыпқа келтіру, Ресей державасына басқа елдердің жерін қосу идеясы ресей басшылығында да қарапайым орыс көңілінде бар идея. Бір жақсысы қазақта ол ауру жоқ. Әйтпесе кане Алтын Орданы, Алты Алаш мемлекетім қайдасың дейтін қазақ жоқ.

Енді қарақалпақ пен Қарқалпақстан тағдыры туралы сөз қылайық. Қарқалпақстан Өзбекстан құрамында, тұрғындар саны −1711,8 мың адам. Республиканың ұлт құрамы өзбектер (32,8%) и қарақалпақтар (32,1%), қазақтар (26%) және басқалар. [3]Қарақалпақтың ұлт тағдыры қыл үстінде.Қарақалпақтар өзбек және қазаққа сіңіп барады. Қарақалпақ жері экологиялық дағдарыста, қарақалпақтың өздері Ресейде, Қазақстанда, Өзбекстанның басқа өлкелерінде шашылып жүр.

Қазақтың саны 11.5 млн., ол мемлекетті сақтауға, ұлтты өсіруге, тілді дамытуға жете ме?Сол биик мақсаттарды орындауға қандай шаралар керек? Әңгіме осында.

Осы жылдары біз бірнеше маңызды істерді бітіруіміз керекті еді.Экономикалық бағытта.Ол: біріншіден, жеке меншік секторды 80-90% жеткізу, мемлекеттік сектордағы меншік пакеттерді инвесторға, не өзіміздің байларға аукцион арқылы, немесе басқа жолмен жекешелендіру. Екіншіден, құрылымдық реформаларды, демонополизацияны жүргізу.Үшіншіден, еркін экономикалық, әлеуметтік бәсекелестікті жүзеге асыру.Төртіншіден, Ресейлік Евразиялық одақтан басқа альтернативалық диверсификациялық ұжымдар мен жолдар іздеу.Ең алдымен Қытай мен Европалық Одақпен, Дүние жүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) бұрындау кіру еді. Бесіншіден,Жергілікті жерде өзін өзі басқару жүйе реформаларын батылырақ принциптерінде жүргізу.Алтыншыдан, Азаматтық , Қылмыстық, Процессуалдық кодекстерін жетілдіріп, батыс сарапшырарының құптауынан кейін пакет ретінде жәриялау. Жетіншіден, Ұлттық Банкіге теңгенін бағамын әкімшілік жолмен реттемеу, валюталық интервенциялармен тенгені ірі масштабта қолдамау саясатынан таймау. Сегізіншіден,айлық ешқашан еңбек өнімділігі мен қосымша құн мөлшерінен озбайды, керісінше біраз қалып отыруы керек.

Аталған ұсыныстар басым көпшілігі кешеілдеп долса да орындалды немесе орындалу үстүнде.

Рухани , мәдени, тіл, ұлттық ұйысу үрдісі бағытында. Біріншіден,елімізде тіл диверсификация саясаты жүзеге асырылуы керек.Үш тіл саясаты дұрыс, бірақ пропорциялары төмендегідей болғаны абзал: 2020- ға дейін қазақ тілі салмағы 45% тен 95% көтерілуі, орыс тілінің −80% тен 2% төмедеуі, ағылшын тілінің −1% тен 2% -ке көтерілуі , қытай тілі-1%-ке көтерілуі. Екіншіден, Елімізде бірнеше тиянақты мемлекеттік ұстаным болуы керек.Этноцентризмнен лингвацентризмге ауысу жолдарын қарастыру Президенттік «Жанашыр» бағдарламасы керек.Қазақ емес ұлт өкілдерінен мемлекеттік тіл жанашырлары қызметкерлер корпусын дайындау. Олар мемлекттік тілді айналып өтетін қызметкелерді алмастырып мемлекеттік тілдің қолдану ауқымын кеңейтеді және қазақ еместерді билікте көбейтеді.Олар орыстілді қазақтан ұлттық құндылыққа берік және мемлекетке лоялды болады.Үшіншіден, көпұлтты емес, көпэтносты емес Үлкен қазақ ұлтын құру.Біреудің тегін сұрау, қазбалап руын сұраумен тең әдепсіздік, ал мемлекттік қызметкерге қатынасты болса этикалық нормаларды бұзушылық болып есептелмек.Төртінші, Сот ісі тек мемлекттік тілде. Тіл білмейтіндерге айдармашы беріледі.Бесінші , бірегей қазақ мектебі.Барлық этникалық азшылық мектептерде 6-8 сабақ мемлекеттік тілде. Алтыншы, қазақ репатриациясын үдету және оларды орналастыру (облыстардың орталық қалаларында 70%) және ұсақ кенттер, станциялар мен ауылдарда-30%) шұғыл жоспарын жасау,оларды жерсіндіру.Ең алдымен Өзбекстан қазақтарын. Өзбекстандағы жағдай аса ауыр. Аталған ұсыныстар басым көпшілігі орындалу үстүнде.



..................................................................................



1.ancienthistory.spb.ru/book/13-37voiny/

2.Президент Саргсян признал факт оккупации Карабаха Арменией. http://interfax.az/view/651582

3.
util