Автор поста
Badge blog-user
Блог
Blog author
азимбай гали

Әзімбай Ғали 1916 жыл: Жетісудағы садырлар көтерілісі және қазақ геноцидінің жүз жылдық нәубеті мен қасыреті

24 Апреля 2016, 11:57

Әзімбай Ғали 1916 жыл: Жетісудағы садырлар көтерілісі және қазақ геноцидінің жүз жылдық нәубеті мен қасыреті

Статистика Постов 109
Перейти в профиль
Әзімбай Ғали 1916 жыл: Жетісудағы садырлар көтерілісі және қазақ геноцидінің жүз жылдық нәубеті мен қасыреті

25 маусымның 1916 жылы Орта Азия мен Қазақстанның бұратана халықтарының ер азаматтарын Ресей әскерінің тыл жұмысына мобилизациялау туралы Указ жәриалады. Бұл әрекет көтерілістің себебі емес сылтауы болды.[1]Көтерілістің себебі қазақтың жерлерін тартып алып оларды казактар мен қара шекпенділерге үлестіру болды.Қазақ жұртшылығы қу медиен дала мен шөлге қуыла берді.Тарих институтының деректеріне сүенсек 1916 жылға қарай мөлшері қазақтан 45 млн. дес. жер түрлі жолмен алынып ресей келімсек жұртшылығына беріліпті. Сол деректерді негізінен растайтын ақпар:1916 жылдың басына қатысты мәліметттер бойынша қазақ сахарасында 20 млн. десятин жер патшалық Ресей құзырымен иемденлінген, оның үстүне тағыда сол көлемдегі жер Переселенц қорына кіргізілген.[2] Зерттеуші Чеканинский өзі жақсы білетін ашшы шындықты былай баяндайды: ...большую роль сыграла политика царской власти, внедрявшая в сознание русского крестьянства, что всякий подвластный России «туземец» есть совершенно безличное существо, положение которого, перед каждым русским человеком, должно сводиться не более как представителю низшей расы, как вьючному животному, эксплуатация которого не ограждена никакими законами.[3] Бірінші Дүниежүзілік соғыс басталысымен бұрыннан күшейіп келе жатқан салық езгісі үдере түсті. Салық ауырпалығы орыстарға да күшее берді себебі Ресейдің соғыстағы әскери жетістіктері тым шамалы, кейін Ресей біраз жерін Германдықтарға беріп алған еді. Орыс жұршылығы мобилизация бойынша майданда жүргенде олардың отбасылары тарығып жүрді. Қымбатшылықтың да күшейгені белгілі.

Орыспен қазақтың наразылығы бірігіп кетпес үшін сол заманда белгілі саяси технологиялар пайдаланған екен: Ол қазақпен орысты бір біріне айдап салу, орысты қазақ есебінен малдандыру, материалдық мүдде арқылы тонауға итермелеу. Есесіне қазақ пен орыстың арасында онсызда өшпенділік үдере түсті. Патша үкіметі орыс тұрғындарын қорғаған болып оларды қарумен — винтовкалармен қамтамасыз етіп отырды. Мұрағат деректерін келтірейік: Крестьяне села Теплоключнинского пропустили через селение татар, а сартов и таранчинцев и дунган всех перебили, всего свыше 500 человек... у убитых только ташкентских торговцев было свыше миллиона рублей наличных денег, не считая имущества.[4] Көтеріліс басталысымен қазақтардың жағдайы тым қорғансыз болды. Көтерілісті басуға жіберілген карательдік жасақтар туралы төмендегі деректер куә: ...беспорядки в Джизаке, туда подходит карательный отряд, состоящий из трех видов оружия, пехота, артиллерия и кавалерия и начальник отряда отдает приказ сжигать все поселения, уничтожать все туземное население без различия пола и возраста. IV Мемлекеттік думаның депутаты А.Ф. Керенский —трудовиктер партиясының талабымен бұл масқара заңсыздықтар мен қатыгездікті тоқтату және қылмысты әшкереу мақсатымен Мемлекттік думада бұл мәселені көтерген болатын. Сонда Керенский былай деген: ...а селении Луговом, где отряд солдат вместе с русскими поселенцами, оцепив громадную толпу киргиз[қырғыздар емес — қазақтар-Ә.Ғ.] и стал гнать их безоружных выстрелами и нагайками к утесу, внизу которго была река и сбросила этих людей.Басқа мысал: ...развалины туземного города Джизака,который насчитывал 20 тыс населения, сами говорят за себя... город сравнен с землей. [5]

Жетісу облысының Верный уезінде қазақ бұқарасы қазақ баласын соғысқа тыл жұмысына шақыруына наразылық білдіріп түрлі әрекет жасады, солардың бірі басқа өлкеге көшіп кету болды.Наразылардың бір бөлігі 1916 жылдың 18 тамызында Балхаш өңіріне жинала бастады[6] тағы бір қанды оқиға Алакөл маңайында болды.Қытайға көшпек болғандарды көтіріліс- мятеж деп айыптап олардың малы мен меншіктері тоналды.[7]

1916 жылдағы көтеріліске бұл өлкеде найманның төрт садыр болыстықтары(Мақаншы- Садыр, Мақаншы- Шілікті, Мәмбетай —Қысқаш, Балқаш -Лепсі) қатысқан екен.Көрші жатқан қара керейлер мен матай болыстықтарының жеке өкілдірі (сол өлкеде орыстарда жалшылықта жүргендер болуы мүмкүн) ғана қатысқанға ұқсайды.[8] С.Брайнин и Ш.Шафиро деректерінде 1916 жылдың 9 қыркүйегінде Лепсі уезінің Мақаншы —Садыр және Мәмбетбай- Қысқаш болыстықтарында қазақ көтерілшілістері шабуылдарын бастаған көрінеді. 10 қыркүйекте көтерілісшілердің үлкен бөлігі Саратов елді мекенінің жанында(8 шақырымдай қашықтықта ) штаб — ротмистр Масловтың жазалаушы жасағына шабуыл жасады.Шабуылшылар «Алдияр» деп ұрандап шабуылдады.Штаб-ротмистр Масловпен бірге болғандар: «35 казаков конвоя шестой ополченческой сотни Семиреченского войска». Оларға мұздай қаруланған тағы да 15 атты әскер — ополчендіктер қосылмақ еді. Лепсі уезінің басшысының айтуынша көтеріліске қатысушылардың көп бөлігі орыс қожайынадарының жалшы жұмысшылары.Бұл оқиғаға қатысы болған Мұхаметжан Тынышаевтың жазуынша сол шайқаста 90 қазақ өлтірілген, 40 адам тұтқындалып абақтыға жетпей өлтірілен. Абақтыда бұрынғы болыс Селеу Саурықов қайтыс болған.[9]

Садырлар көтерілістің жеңілу себептері: локалдық тайпалық сипат алуы, қарулануы салыстырмалы түрде тым жұпыны болғанға ұқсайды.

1918 жылдың маусым айында қызылдар мен ақтардың арасы аса шиеленісті. Мұхамеджан Тынышбаевтың адмирал А.В.Колчактың атына жазған хатында былай деп жазады: Это обстоятельство разозлило красных и они принялись за массовые убийства безоружных киргиз[қазақтар -Ә.Ғ.] , за систематическое уничтожение киргизского хозяйства[қазақ шаруашылығы -Ә.Ғ.].Так в пяти Садыровских волостях Лепсинского уезда было убито свыше 5000 киргиз[қазақтар -Ә.Ғ.], исключительно взрослых работников. Одновременно с этими событиями разразился джут. 1918 жылдың басында «Алаш» өзінің әскерін жинай бастады. Халықтан жігіт пен мініс ат сұрады. Менің атамның айтуынша олардың мал саны ортайып қалған кез болыпты.Соған қарамастан «Алашқа» әскер қоспаса да. Бір- екі бас жылқы беріпті қанша қиналсада. Біраз қазақ «Алашқа» жылқы да, әскерге жігіт те бермепті. Сәл кейін олардың малын ақ атаман Анненков түгел тартып алыпты, деп атам мырс күлді. 1918 жылдың жазында Лепсі уезінің қазақтарынан 10000 жылқы тәркіленіпті.[10]

20-ғасырда екі расаралық (нәсіларалық) соғыс өтті.Ол Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстар.Тарихқа белгілі ағылшын —бур соғысы заманымыздың ең қатыгез расаралық (нәсіларалық) соғыс болды. Себебі сол соғыста жарылатын оқтар(дум-дум) пайдаланған болатын. Алғашқы расаралық —этникалық аршу (этническая чистка)соғыстардың бірі 1916 жылғы қазақ көтерілісшілеріне қарсы — «тактика выжженой» земли әскери әрекеті пайдаланды. Бейбіт жұртшылықты қыру тактикасын көп пайдаланған генерал Курапаткин болды. Осы генерал Орыс-Жапон соғысында қолбасшы болып орыс әскерін басқарған. Барлық шайқастарда (Ляоян, Шахэ, Сандепу және Мукден) өз еліне жеңіліс әкелген. Есесіне, нашар қаруланған қазақтарды қырғынға ұшыратқан. Әскери қолбасшылықтан басқа Курапаткин өзін орыс идеологы ретінде көрсеткен. Мәселенки, А.Н.Куропаткин «Россия для русских. Задачи русской армии», «Желтая опасность» деген еңбегінде: Главным образом усилиями славянских племен движение из Азии на Европу азиатских народностей — монголов, татар и турок — не только остановлено, но с наступлением славян, северная часть Азии переходит в руки русского племени. ...В общем, это будет союз народов белой расы против народов желтой расы и чернокожих. Деление на эти две группы будет близко отвечать и делению на две группы по религиозным верованиям. [11]

Сонымен нәсілшіл, расист Куропаткин өзінің геноцидтік ойын қазақтарды қырып жүзеге асырған. Биыл 1916 жылғы көтерілістің 100 жылдық азалық юбилейі болмақ. Қырғыз ағайындар намысшылдығын тағы да көрсетіп отыр. Қырғыз халқының Ұлы Үркүні- трагикалық оқиғаның-100 жылдық азалық еске алуы болмақ. Қырғыз халқы қазаққа үлгі көрсетіп тұр. Мен қазақ перзенті ретінде садырлар көтерілісінде шахид болған бабаларыма аза етем. Жалпы қазақ саны 1916 жылғы қырғын мен үркүннен кейін 400 мыңға кеміді. Қазақ та қырғыз сияқты шекара асып кеткендер көп болған жоқ. Ал 1916 жылы кеткендердің басым көпшілігі кейін көб ұзамай қайтып келді. 1930-1932 жылдардағы ашаршылықта қазақтың көбісі қырылды: біразы шекараға (Қытайды айтып отырмыз) жете алмады, біразы шекарадан өте алмады, біразы сол жақтағы қақтығыстарда азықсыз мерт болды.

Алдымен, 1916 жылғы көтерілістің 100 жылдық толған тұста бұл оқиғаның басын қазақ геноцидінің басы деп мойындаймын. Геноцидтің бел ортасы — ол 1930-1932 жылдар; қолдан ұйымдастырылған ашаршылықтан 2 миллионын қазақты қырды. Екінші дүниежүзілік соғыс бітісімен ядролық қары пәрмені мен әсерін қазаққа сынады. Геноцидтің жалғасы емей немене? Қазақты қалаға кіргізбеді. Өз басым қалалық прописканы егемендік алғаннан кейін ғана алдым. Қорыта айтсақ: геноцидтің болғанын Ресейге мойындату, армяндар, еврейлер сияқты арнайы заң қабылдау, геноцид —азалық естелік мемориалын салдыру. Ал бүгін халықты қазақ қасіретіне қазақтың да, қазақ еместін де, басқа мемлекеттердің де назарын аудару, азалы күндерлі — қазақ кешкен геноцид деп күн тәртібіне енгізу.



.................................................................................................



1.Национально-освободительное восстание 1916 года в Казахстане. http://e-history.kz/ru/contents/view/287 Институт истории и этнологии им.Ч.Ч. Валиханова КН МОН РК, 2013

2.Восстание 1916 года в Казахстане. (Документы и материалы). Составители Ф.Н.Киреев, Ш.Я.Шафиро. Алма-Ата.Изд-во АН КазССР.1947,с.IV

3.Чеканинский Ив.Восстание киргиз-казахов и кара-киргиз в Джетысуйском (Семиреченском) крае в июне —сентябре 1916 года (К материалам по истории этого восстания). Кзыл-Орда.1926,c.110

4. Из протокола допроса судебным следователем ротмистра Железнякова о причинах и ходе восстания. В кн.: Грозный 1916-й год. Сб. документов и материалов. Том 1. Алматы. Казахстан. 1990,с.143

5. В кн.: Грозный 1916-й год. Сб. документов и атериалов.Том1. Алматы. Казахстан. 1990, с.180-181,198-199 Ескерту: Луговое-Қазақстанның елді мекені, Джизак-Өзбекстанның облыс орталығы

6. Брайнин С., Шафиро Ш. Восстание казахов Семиречья в 1916 году. Казахское краевое издательство.Алма-Ата. Москва.1936. с.63; namys.kz

7. Чеканинский Ив. Восстание киргиз-казахов и кара-киргиз в Джетысуйской (Семиреченском) крае в июне —сентябре 1916 года... 82бет

8. Восстание 1916 года в Казахстане. (Документы и материалы) с.135-136

9. В кн.: Грозный 1916-й год. Сб. документов и материалов.Том1, c.287-289

10. Қараңыз: Тынышбаев М.Таңдамалы.Избранное.Алматы. "Арыс«.2001, с.61

11. А.Н.Куропаткин. «Россия для русских. Задачи русской армии», СПб., 1910, т. 1- 3. «Желтая опасность»

util