Автор поста
Badge blog-user
Блог
Blog author
азимбай гали

Анас Mokбiл (Almaghribi), Танжер, Марокко, қаржы бақылаушыcы Ана тілі тағдыры бізді қатты толғандырады

15 September 2016, 22:12

Анас Mokбiл (Almaghribi), Танжер, Марокко, қаржы бақылаушыcы Ана тілі тағдыры бізді қатты толғандырады

Статистика Постов 109
Перейти в профиль
Анас Mokбiл (Almaghribi), Танжер, Марокко, қаржы бақылаушыcы

Ана тілі тағдыры бізді қатты толғандырады

Француз тілі Мороккода ресми тіл рөлін атқарады, өйткені сол тіл 1956 жылдан бері біздің елде ресми хат алмасу, жұмыс тілі болып қызмет атқарады. Сол сияқты т.б. билік органдары , әкімшіліктер, корпорациялар, мектептер, хат алмасу , халық күнделікті өмірде осы тілді кең қолданады.

Ағылшын тілі Мороккода ресми емес, бірақ, бұл тіл қазіргі уақытта өте маңызды тіл деп саналады, шын мәнінде көптеген трансұлттық корпорациялар Мороккоға көшіп келді, олар ағылшын тілін пайдаланады. Сондықтан биік айлыққа ұмтылғандар ағылшын тілін меңгеруге тырысады. Басқаша айтқанда, ағылшын тілін білетіндер тәуір жұмыс таба алады. Ағылшын тілін білу маңызды міндет пен мәртебеге айналып келеді. Шет тілдерін білгендерде артықшылықтар бар. Артықшылықтары: француз және ағылшын тілдерін игергендер оңай жұмыс табуға мүмкіндік алады және әкімшілікке кәделі қызметке тартылады.

Қолайсыздық жақтары: ана тілін ескермейтіндер көбее береді, қалың бұқараның тілі , яғни ана тілін қолдануы жаппай азаюына әкелу мүмкін, ана тілін ұмыта бастайды, сондықтан француз және ағылшын тілдері әлемдегі ең маңызды тілдер, бірақ бұл тілдер жергілікті тілдерді ысыра береді. Халықтың бір бөлігі төл тілін жоғалта бастайды , соны куәландіретін фактілер көп.

Француз тілі Морокканың мәдениетіне терең әсер етті. Ағылшын әлі ешқандай Морокканың мәдениетіне терең әсер, елеулі ықпал жасаған жоқ. Қазіргі уақытта Мороккода адамдар жұмыс және әкімшілік істерінде , офис қызметінде француз тілін пайдаланады. Ал жұмыстан тыс қарым-қатынаста француз тілін тағы да пайдаланады. Морокко араб тілінде сөйлеуде француз сөздерінің қоспасы көп пайдаланады. Қала тұрғындары үшін французша сөйлеу міндет те, мақтан да емес, бірақ француз тілі қоршаған орта тіліне айналды, тілдік орта французша сөйлеуге мәжбүрлейді.

Кейбір азаматтық бірлестіктер, түрлі саяси қозғалыстар араб тілін кеңірек қолдануға жәрдемдесуді қолдайды. Морокко жұртшылығы төл мәдениетке қауіп бар екенін түсінеді.Олар шет тілдерінің пайдалануды барынша азайту үшін тырысады, себебі зиялы қауым ұлттың араб-мұсылман негізін сақтап қалу мақсатында күресіп келеді.

Ағылшын тілінен аударған Әзімбай Ғали

Анықтама: Туни́с (араб. تونس‎), официальное название — Туни́сская Респу́блика[3] (араб. الجمهورية التونسية‎, аль-Джумхуриййа ат-Тунисиййа) — государство в Северной Африке. Население, по итогам переписи 2010 года, составляет более 10 миллионов человек, территория — 163 610 км². Занимает семьдесят девятое место в мире по численности населения и девяносто первое по территории.Столица — Тунис. Государственный язык — арабский. https://ru.wikipedia.org/wiki

util